RU

Ақмолалық тұрғын әйелін зорлаған күдіктіні жағынан бір қойғанына айыппұл төлейді

Ақмола облысының тұрғыны әйелін зорлаған күдіктіні соққыға жығып, оған жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын жасағаны үшін айыппұл төлейтін болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Есіл аудандық сотына жеке айыптау тәртібінде 1993 жылы туылған жігіт 1978 жылғы азаматтың жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғандығы туралы арызданды. Арызданушының мәлімдемесіне сәйкес, Есіл қаласында 2016 жылғы 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні азамат дәмханада үш рет жағынан соққан.

Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, азаматқа жеңіл дәрежедегі дене жарақаты келтірілген. Сотталушы жасалған қылмыстық әрекетті мойындамай, сол түні дәмханаға зайыбын зорлау дерегі бойынша күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлерімен бірге келгенін айтты.

Күдікті отырған кабинкаға кіріп, оның қашып кетпеуі үшін ашумен ұстап алмақ болып, басына тиіп кеткен. Бірақ ол соққы жасамағанын алға тартты. Одан кейін оны келушілер ажыратып жіберген.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 108-бабымен қарастырылған қылмыстық әрекет жасады деп танып, бұл бап бойынша оған 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшері 63 мың 630 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалсын", — делінген Есіл аудандық сотының үкімінде.

Есіл сотында агенттікке хабарлағандай, жеке айыптау тәртібінде сотталған азамат процесс барысында адвокат жалдамаған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336108-aqmolalyq-turghyn-ayelin-zorlaghan-kud.html