RU

Астанада 16 жастағы спортшы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Полиция қызметкерлері Арқалықтан елордаға қарай жолға шыққан спортшы Малика Досымжанованы бірнеше тәулік бойы іздестіріп жатыр деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, 28 қарашада Астана тұрғыны полицейлерге 27 қарашада 09.00-де оның кәмелет жасына толмаған қызының дзюдодан өткен жарыста Арқалықтан Астанаға пойызбен келіп, үйге оралмағанын айтып, арыз жазған.

Қазіргі уақытта туыстарының барлығы, оның араласатын таныстары мен достары да тексеріліп жатыр. Астана ІІД қыздың қайда екенін анықтау үшін департаменттің жеке құрамы жұмылдырылған. Іздестіру ісі қозғалды.

Маликаның белгілері: бойы 155-160 сантиметр, арықша келген, шашы ұзын, қара, көзі қоңыр. Қанық көк түсті қалпақ, қарақоңыр спорт киімі, қанық қызғылт кроссовка киген. Полиция егер кімде-кім қандайда бір мәлімет білетін болса мына номерлерге хабарласуын өтінеді: 102 немесе 8 (7172) 71-60-22, 8 747-575-96-45, 8 778-580-77-17.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336189-astanada-16-zhastaghy-sportshy-qyz-iz-tuzsi.html