RU

Өлім жазасымен атылған жас жігіттің 21 жылдан соң кінәсіздігі анықталған (фото)

Қытайда 21 жыл бұрын ең ауыр жазаға кесіліп, өлтірілген адамды ақтайтын сот шешімі шықты. Бұл туралы ВВС News хабарлайды деп жазады "Егемен Қазақстан".

Хэбэй провинциясының тұрғыны Ние Шубин 1995 жылы әйел зорлап, өлтірді деген айып бойынша кінәлі деп табылып, 20 жасында атылып кеткен.

2 желтоқсан күні Жоғарғы сот Ние Шубиннің кінәсін дәлелдейтін фактілер жеткіліксіз деген шешім шығарды. 20 жылдан аса уақыт бойы Ниенің жазықсыз атылғанын дәлелдеу үшін күрескен жақындары өздерін қолдаған адамдарға алғыс айтты.

Бір айта кетерлігі, 11 жыл бұрын екі әйелді өлтірген Ван Шужинь есімді сотталушы осы қылмысты өзі жасағанын мәлімдеген екен. Бірақ сот оның сөзін қаперге алмаған.

ВВС-дің хабарлауы бойынша, Қытай соттары қылмыстық істердің 99 пайызына ашылды деп үкім шығарады. Жылына мыңдаған адам өлім жазасына кесіледі, бірақ олардың саны мемлекеттік құпия болып саналады.

Қытайда cот шешімдерінің қайта қаралып, сотталушының ақталуы өте сирек кездеседі.

2014 жылы Ішкі Моңғолия провинциясында 18 жыл бұрын сот үкімі бойынша өлтірілген жасөспірім ақталды. Марқұмның әке-шешесіне 30 000 юань (1 500 000 теңге) төленіп, ол іске жауапты 27 лауазымды тұлға жазаланды.

ВВС-дің Бейжіңдегі тілшісінің айтуынша, Ние Шубин ісі Қытайдағы ең атышулы істердің бірі болған.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336243-olim-zhazasymen-atylghan-adamnynh-21-zhylda.html