RU

Британ ғалымы Жер шарына ең қауіпті уақыт туғанын айтты

Британ теоретик-физигі Стивен Хокинг «Жер планетасы үшін ең қауіпті уақыт» туды деген жорамал болжам жасады. Бұл туралы ол The Guardian басылымындағы бағанасында жазады деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті.

Ғалым элиталар мен қарапайым адамдар арасындағы алшақтықтың ұлғайып бара жатқанына назар аударады. Хокингтің айтуына қарағанда, кәсіпорындарда жұмысты роботтарға беру, адам ресурстарын пайдаланып жоғары көлемде табыс табу қажеттігінің азаюы қоғамдағы әр түрлі топтағы адамдардың арасында қарым-қатынастың нашарлауына алып келеді.

«Ғаламтор және платформалар экономикалық теңсіздіктің артуын тездетіп жатыр. Оның арқасында аз ғана адам қызметке аз ғана адамды жалдау арқылы шаш-етектен табыс тауып жатыр. Бұған қарсы тұра алмаймыз, бұл прогресс. Дегенмен әлеуметтік тұрғыдан бұл өте қауіпті», – деп жазады ғалым.

Оның пікірінше, кейбір адамдардың қоғамдағы өзгерістерді қабылдай алмауы неге апарып соғатынын АҚШ-та президент сайлауы мен Ұлыбританиядағы Еуропа одағынан шығу жөнінде дауыс беру қорытындысы көрсетті.

Стивен Хокинг аталған проблемаларды шешу үшін барлық елдер, қоғамның барлық топтары бірлесе күш салуы керектігін айтады.

«Бәлкім, бірнеше ғасырдан кейін біз басқа жұлдыздардың айналасындағы ғаламшарларда өмір сүретін шығармыз. Бірақ қазір бізде бір ғана ғаламшар бар. Оны қорғау үшін біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін мемлекеттер арасындағы кедергілерді көбейту орнына, құртуымыз қажет», – дейді Стивен Хокинг.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336254-britan-ghalymy-zher-sharyna-enh-qauipti-ua.html