RU

140 тонна улы зат тиелген ресейлік танкердің Ақтау портына шығып кетуі экологтарды шошытты

Каспийде ресейлік танкердің зәкірі үзіліп, толқынмен Ақтау портының жағасына шығып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қайраңға тұрып қалған жүк кемесінің бортына 140 тонна улы зат тиелген екен. Жергілікті билік көршілердің оны сүйреп шығаратын арнайы техникасын күтіп отыр. Ал экологтар 3 апта бойы жағада қисайып тұрған кемедегі мұнай қалдықтары теңізге төгіле ме деп қауіптенеді.

Порттағылар қайраңда тұралаған танкерден әзірге еш жері тесілмегенін айтады. Бірақ, құтқару операциясы созылып, кеме осылай тұра берсе ішіндегі улы заттардың төгілу қаупі барын жасырмайды. Өздері-ақ теңізге сүйреп шығарайын десе, басқа елдің мүлкіне жақындауға құқықтары жоқ екен. Олар тек танкердегі экипаждың 6 мүшесіне ас суын жеткізіп қана жәрдемдесіп отыр.

"Егер де мұнай қалдықтары, пайдаланылған майлар Каспий теңізіне құйылатын болса, сол жердің акваторийінің биологиялық алуан түрлілігіне айтарлықтай зиянын тигізеді. Құзырлы органдарға және төтенше жағдайлар органдарына бір үмітіміз бар. Ол жағдайды болдырмас үшін барынша атсалысуы керек",- дейді «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығының жетекшісі Әділбек Қозыбақов.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336289-140-tonna-uly-zat-tielgen-reseylik-tanke.html