RU

Еліміздің кей жерлерін жауын-шашынды ауа-райы күтіп тұр

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы жауын шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336379-elimizdinh-key-zherlerinde-zhauyn-shashyn.html