RU

Маңғыстау облысында аш қасқыр ер адамға тап берді (фото)

Маңғыстау облысындағы мұнай өндіру компаниясында қызмет ететін ер адамға қасқыр тап берді. Бейнеу орталық аудандық емхананың дәрігерлерлі тұрғын қалың киінгенінің арқасында аман қалды деп отыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Ладаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға екінші желтоқсанда, шамамен 09:30-да болған. Аң өндірістік база аймағына еніп, 1972 жылғы азаматқа шабуылдаған. Ол дәнекерлеушінің аяғынан тістепті. Үстірт малшылары мұны көре салысымен қасқырды атып тастады.

Ал зардап шегуші Бейнеу орталық емханасына жеткізіліпті. Дәрігерлер ер адамның айтарлықтай жарақат алмағанына таң.

«Оны қалың киім құтқарып қалды. Аяғына тісін батырғаннан, көгеріп қалған. Заррдап шегушіге құтыру ауруына қарсы екпе салынды. Әлі бірталай рет келіп, екпе алып жүреді. Зертхана қасқырдың құтыру ауруына шалдыққан-шалдықпағанын тексеретін болады», - дейді ақ халаттылар.

Ал жергілікті тұрғындар болса, қасқырлардың бұлай өндіріс аймағына еніп кетуі талай жылда алғаш рет болып отырғанын жасырмады.

Тағы да оқыңыздар:

"Ақтөбе" клубын украиналық маман жаттықтыратын болды

Кәмпит жегісі келген ұры дүкенге қарумен шабуылдады (фото)

Оралдың қақ ортасындағы екі қабатты үй құлағалы тұр

Алматыда пәтерлерін су басқан жұрт Байбектен көмек сұрады

140 тонна улы зат тиелген ресейлік танкердің Ақтау портына шығып кетуі экологтарды шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336429-manhghystau-oblysynda-ash-qasqyr-er-adam.html