RU

Қостанай облысында алты баланың анасы тастай суық бөлмені паналауға мәжбүр (фото)

Қостанай облысы Затобол кентінде тұратын күміс алқа иегері 27 мың теңгеге күн көріп отыр. Алты баланың анасы жалғыз бөлмені жалдап тұрады деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Үй кезегіне тұрайын десе, аудан орталығында тіркеуі жоқ. Алтыншаш Байбосынова алты баласымен бірге тар бөлмеге осыдан жарты жыл бұрын қоныс тепкен. Жалғызбасты ана жалғыз бөлмені 16 мың теңгеге жалдайды. Балаларының жәрдемақысын түгел шағын үйдің қожайынына төлеп отыр. 2 жыл бұрын күйеуінен ажырасқан ол бар қиындықты жеңуге бел буып, алыстағы ауылдан аудан орталығына көшіпті.

Жаздан бері отбасындағы 7 адам 20 шаршы метр шағын үйді паналап отыр. Қыстың қатты суығы қабырғасы жұқа, едені тақтайсыз тар бөлмені жылытуға мүмкіндік бермейді. Көп балалы ана балаларды ауру қылып аламын ба деп алаңдайды.

"Ертең қатты қыс болғанда, көмір-отын жоқ. Қатты суықтар болған кезде үй жылымайды. Қанша жақсам да. Қыс қалай боларын білмеймін. Балаларым жиі ауырады. Осы балаларымнан қорқам енді", - деп мұңын шақты көп балалы ана Алтыншаш Байбосынова.

Кент тұрғыны талай мекеменің табалдырығын тоздырып, көмек сұрағанын айтады. Көп балалы анаға билік партиясының аудандық филиалы қол ұшын созып, қолдау көрсеткен. Тіпті, тіркеуі жоқ балалардың мектепке қабылдануына көмектесіп, қажетті құрал-жабдық алып берген.

Затобол кенті әкімдігіндегілер де әлеуметтік жағдайы төмен отбасының хал-ахуалынан хабардар. Олар көп балалы ананы жылы жатақханаға орналастыру жағын қарастырып жатырмыз дейді.

"Байбосынова Алтыншаш бізге келді жұмыс іздеп. Біз оған қазіргі қысқы мезгілге жұмыс бере аламыз. Тек оған келіп арыз жазу керек", - дейді Затобол кенті әкімінің орынбасары Зәуреш Тұрсынбаева.

Баспанадан тарыққан отбасы қайырымды жандарға үміт артады.

Тағы да оқыңыздар:

"Ақтөбе" клубын украиналық маман жаттықтыратын болды

Кәмпит жегісі келген ұры дүкенге қарумен шабуылдады (фото)

Оралдың қақ ортасындағы екі қабатты үй құлағалы тұр

Алматыда пәтерлерін су басқан жұрт Байбектен көмек сұрады

140 тонна улы зат тиелген ресейлік танкердің Ақтау портына шығып кетуі экологтарды шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336525-qostanay-oblysynda-alty-balanynh-anas.html