RU

Қарағанды облысында оқушыға тап берген педофил құрықталды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында оқушыға тап берген педофил құрықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұған дейін адам өлімі үшін істі болған 38 жастағы ер адам уақытша оқшаулағышқа қамалды. Болған жайттан кейін қыз бала қатты күйзеліске түскен. Бүгінде оқушыға психологтар және өзге мамандар көмектесуде.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс жағдай Теміртау ықшамаудандарының бірінде болған. Мектептен қайтып келе жатқан қыз баланы подьезде ер адам торуылдапты. Ол есікті ашып, енді үйіне кіріп бара жатқан қызға бас салып, оны күштеп шешіндіруге кіріседі. Абырой болғанда қыздың айқайына көмекке көршісі жүгіріп келген. Ал ер адам сол сәтте ізін суытып үлгереді.

Қыздың анасы полицияға шағымданып, тәртіп сақшыларды күдіктіні құрықтады. Соталды тергеу жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар:

"Ақтөбе" клубын украиналық маман жаттықтыратын болды

Кәмпит жегісі келген ұры дүкенге қарумен шабуылдады (фото)

Оралдың қақ ортасындағы екі қабатты үй құлағалы тұр

Алматыда пәтерлерін су басқан жұрт Байбектен көмек сұрады

140 тонна улы зат тиелген ресейлік танкердің Ақтау портына шығып кетуі экологтарды шошытты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336632-qaraghandy-oblysynda-oqushygha-tap-berg.html