RU

Өзбекстанда тыныштық күні орнады

Үшінші желтоқсан күні Өзбекстанда президенттік сайлауалды тыныштық күні орнады деп хабарлайды 24.kz.

Яғни, кез келген үгіт-насихат шараларына тыйым салынады. Мемлекет басшысы болуға 4 кандидаттың дауысқа түсетіні белгілі. Президент сайлауын жергілікті 80 мыңнан астам, ал халықаралық байқаушылардан 600-ге жуық адам қадағалайды.

ТМД-ны қосқанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Бүкіләлемдік сайлау органдары ұйымынан өкілдер болады.

Сайлау барысы туралы 20 мемлекеттен бір жарым мыңдай журналист хабар таратады. Жергілікті Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, саяси додаға 20 миллионнан астам адам қатыса алады.

Тағы да оқыңыздар:

Талдықорғандағы мүгедек арудың жан тебірентер хаты жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Дәрігерлер ақыл-есі ауысқан деп санаған азамат жеке кәсібін ашып, үш баласын асырап отыр (фото)

Қостанай облысында алты баланың анасы тастай суық бөлмені паналауға мәжбүр (фото)

Есікте бойжеткенді зорлағандардың туыстары соттағы дөрекілігі үшін жазасын алды

Еліміздің кей жерлерін жауын-шашынды ауа-райы күтіп тұр

Колумбияда ұшақ апатынан аман қалған ойыншы қаза болған достарын айқайлап шақыра бастаған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336646-ozbekstanda-tynyshtyq-kuni-ornady.html