RU

Астанада жоғалған 16 жасар спортшы қыз Қарағанды облысында табылды

Елордалық полицейлер, 2 желтоқсанда жоғалып кеткен Малика Досымжанованың қайда екенін анықтады деп хабарлады Астана Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Полицейлер оның достары мен таныстарын белгілеу барысында құрбыларымен Қарағанды облысына қонаққа кеткенін анықтады.

"Жоғалған уақытта оған қарсы ешқандай заңға қайшы әрекеттер орын алмаған. Ол Астана қалалық ІІД аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған қыз заң өкілдерінің қатысуымен түсінік беруде. Ювеналды полиция инспекторлары өз еркімен кетуіне жол бермеу туралы профлактикалық әңгімелесу өткізді", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Астана ІІД қыздың қайда екенін анықтау үшін департаменттің жеке құрамы жұмылдырылған. Іздестіру ісі қозғалды. ІІД-нің ақпаратына сәйкес, 28 қарашада Астана тұрғыны полицияға келіп, 27 қарашада 09.00-де оның кәмелет жасына толмаған қызының дзюдодан өткен жарыста Арқалықтан Астанаға пойызбен келіп, үйге оралмағанын айтып, арыз жазған.

Тағы да оқыңыздар:

Талдықорғандағы мүгедек арудың жан тебірентер хаты жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Дәрігерлер ақыл-есі ауысқан деп санаған азамат жеке кәсібін ашып, үш баласын асырап отыр (фото)

Қостанай облысында алты баланың анасы тастай суық бөлмені паналауға мәжбүр (фото)

Есікте бойжеткенді зорлағандардың туыстары соттағы дөрекілігі үшін жазасын алды

Еліміздің кей жерлерін жауын-шашынды ауа-райы күтіп тұр

Колумбияда ұшақ апатынан аман қалған ойыншы қаза болған достарын айқайлап шақыра бастаған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336664-astanada-zhoghalghan-16-zhasar-sportshy-qyz-q.html