RU

"Астана" арнасының журналисі Әлия Жүсіпова ауыр дерттен қайтыс болды

"Астана" радиосының журналисі Әлия Жүсіпова өмірден озды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы өзінің желідегі парақшасында радио директоры Гүлмира Қаракөзова хабарлады.

"Мұндай жазба жазудың өзі қиын екен. Бүгін түнде Әлия Жүсіпова өмірден өтті. "Астана" радиосының дарынды журналисі, аяулы ана, сүйікті жар. Жаны таза, жақсы адам. Ауыр дерт оның өмірін жалмап әкетті.

Оның жолдасы Бауыржанның қолында кішкене балалары қалды. Әлия бізден декреттік демалысқа кетіп, қайта оралмады, енді оралмайды да. Күйзеліп отырмыз, иманды болсын", - деп жазды ол.

Әлияның достары мен әріптестері көңіл айтты. Жүргізуші сенбі күні жерге табысталды.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды (фото)

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Қостанай облысында алты баланың анасы тастай суық бөлмені паналауға мәжбүр (фото)

Мөлдір Әуелбекова ұлына қандай бесік алғанын көрсетті (фото)

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Колумбияда ұшақ апатынан аман қалған ойыншы қаза болған достарын айқайлап шақыра бастаған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336829-astana-arnasynynh-zhurnalisi-aliya-zhusi.html