Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда педофил сегіз жасар қызға толассыз қоңырау шалып, зәре-құтын қашыруда

Опубликовано:

Қарағандыда педофил сегіз жасар қызға толассыз қоңырау шалып, бейәдеп әңгімелер айтуын қоймай келеді деп жазады «Криминальные новости» басылымы.

Ол кішкентай қызға телефон арқылы өзі туралы ұятсыз әңгімелер айтуын доғармай келеді. Қыздың анасының айтуынша, бұл сорақы жайт бір жылдан бері жалғасып келеді. Ал полиция болса, азғынға қатысты әрекет жасамай отыр.

"Мен қызымды қайда барса да ертіп жүрем,оны  қорғау үшін жұмыстан да шығып кеттім. Барлық жерге бірге барамын. Әжесі де үнемі біздің үйде. Біз Катяны мектепке шығарып салып, сабақтан кейін күтіп аламыз. Үйірмелерге де, қайда барса да бірге алып жүреміз. Үйде де жалғыз қалдырмайтын болдық. Далаға шықса, қызым оны біреу аңдып жүретінін айтады. Бізге үнемі телефон шалатын ер адам бізді бақылауда ұстап, біздің не істейтініміздің бәрінен хабардар", - дейді қыздың анасы Елена.

Еленаның айтуынша, бірер минутқа қызын қалдырса, қоқыс төгуге, тіптен дүкенге кете қалса, белгісіз ер адам үйге қоңырау шалып, сегіз жасар Катяның есін шығара бастайды. Ол оған интимдік сипаттағы әңгімелер айтады.

Ер адам былтырғы жылдың қазан айынан бастап қоңырау шала бастаған, тіпті Еленаның полицияға арызданам деген сөзі де оған әсер етпеген екен.

Өзін "Тимур ағай" деп таныстырып, қызға танысайық деп ұсыныс тастаған азғын, оған еш қымсынбастан интимдік әңгімелер айтып, арсыз әрекеттерді бүге-шүгесіне дейін сипаттап береді екен. Полицияға барған Елена олардың ешқандай әрекет жасамағанын айтады. Тіптен үш полиция қызметкері қыздың психологиялық жағдайына қарамастан, оны тергегеніне таң қалған.

"Оның қызыма айтқан дүниелері камасутраға ұқсайды. Қызым оны полицияға айтып берді", - дейді Елена.

Полиция анықтаған телефон нөміріне қарап, Елена ол өзінің көршісіне тиесілі екенін таныған. Оның көршісі бұрынғы полиция қызметкері болған.

Ер адамның азғын әрекеттерінен әбден мезі болған әйел журналистерге хабарласып, бұл жайтқа соңғы нүкте қойғысы келеді.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды (фото)

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

"Астана" арнасының журналисі Әлия Жүсіпова ауыр дерттен қайтыс болды

Мөлдір Әуелбекова ұлына қандай бесік алғанын көрсетті (фото)

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1336839-qaraghandyda-segiz-zhasar-qyzdy-bir-zhyl/

pixel