RU

Қазақ әжеймен бірге екі ай бойы өмір сүріп, қой баққан шетел азаматы әсерлерімен бөлісті

Шетел саяхатшысы Денис Веяс Үңгіртастағы қазақ бақсысының жанында екі ай өмір сүріп, қой бақты. Сонда жүріп көрген таң қалдырарлық ғұрыптарды NUR.KZ порталы ұсынады.

Орталық Азияға саяхаттап жүрген Денис Алматыға келгенде, ол таныстарынан Бибатима бақсы туралы естиді.

Ескерту: аса сезімтал жандарға көруге кеңес бермейміз!

Оның айрықша кісі екенін естіген Дения бақсымен қалайда жолыққысы келеді.

Алматы маңындағы Үңгіртас деген жерде тұратын бақсының ол оп-оңай жеткенімен, Қазақстанның қасиетті жерлерін аралап кеткен Бибатиманы ол сондағы жерасты мешітінде бір апта бойы күтіп, азғантай ғана тілдеседі де, еліне қайтып кетеді

Бір аптаға кеткен әжейді сол маңға қонып тұрып, күтіп жүрген бұрынғы Кеңес үкіметі халықтарын көргенде, Денис таңданысын жасыра алмаған.

Халық арасында "қасиетті" деп аталып кеткен Үңгіртас жерінде әжейге түрлі мақсатпен сан алуан адамдар толассыз келетініне ол шынымен таң қалған болатын. Араға бір жыл уақыт салып, ол мұндай қайта оралады.

Бұл жолы ол екі ай бойы Бибатиманың жанында болады. Оның түрлі ғұрыптарын бақылай отырып, ол барлығын түртіп алады. Осы уақыт аралығында ол қой бағып, бақсының елді қалай емдейтінін көреді

Оны таң қалдырған тағы бір жайт, ол әжейдің айтқан әңгімесі. Бибатима оған 11  жасында пайғамбарлық қасиет қонғанын айтып береді. Сонымен бірге, оның құрбандық шалу рәсімі де шетелдікті қатты таңдандырады.

Бибатиманы әулие санайтындар оның жанына жылдап қонады екен. Емделуші бақсыға бір тоқты мен қошқар әкеледі.

Оны сойып, биікке іліп қояды. Оның астына емделушілерді тұрғызып қойып, қанды сорғалатып солардың үстіне ағызады. Оны болған соң, емделушілер тастай бұлаққа шомылады. Осылайша, Бибатима олардың бойындағы барлық күнәні жуып-шаяды-мыс.

"Бұл мен үшін керемет тәжірибе болды. Дәстүрлі қазақ тәрбиесі батыс елдерінің көзімен қарағанда аса қорқынышты болып көрінуі мүмкін.

Бірақ, бұл маңда оған үлкен құрметпен қарайды", - деп жазған ол өзі басынан өткенген сезімдерді сөзбен айтып жеткізе алмайтынын айтады.

Дереккөз: News Republic.com

Тағы да оқыңыздар:

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды (фото)

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

"Астана" арнасының журналисі Әлия Жүсіпова ауыр дерттен қайтыс болды

Қарағандыда сегіз жасар қызды бір жыл бойы аңдумен келген азғынға полиция шара қолданбай отыр

Мөлдір Әуелбекова ұлына қандай бесік алғанын көрсетті (фото)

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336903-unhgirtastaghy-qazaq-azheymen-birge-eki.html