RU

Жаңа Зеландия деген ел бар екенін білмеген шекарашылар оның азаматын Қазақстанға кіргізбей қойған

Шекарашылар Жаңа Зеландиядан келген саяхатшы қызды "мұндай ел жоқ" деген сылтаумен Қазақстанға кіргізбей қойған. Олар оның төлқұжатының растығына күмән келтірген деп хабарлайды New Zealand Herald басылымына сілтеме жасап NUR.KZ. 

28 жастағы Хлоя Филлипс-Харрис Орталық Азия елдеріне көп сахаттаған.  Фермада жұмыс жасап, жергілікті жерлерді зерттеу мақсатында Алматыға келген қызды шекарашылар елге кіргізбей қойған.

"Алматыға мен түнде жеттім. Бірақ шекарашылар маған Аустралия төлқұжатынсыз елге кіре алмайтынымды айтты. Маған Жаңа Зеландия Аустралияның бір бөлігі екенін түсіндіріп әлек болды", - дейді ол.

Қазақстанға кіргізуден бас тартқан соң, ол Қытайға баратын ұшаққа отырғызуды сұраған.

"Олар мені сол ұшаққа қалай бағыттады. Бірақ, бақытыма қарай, мен өзіме көмектесе алатын бір кісіні білетін едім. Ол елде барлығын тамыр-таныс шешеді", - деп әңгімесін жалғады саяхатшы қыз.

Бұдан кейін Хлояның көрген "қызықтары" аяқтала қоймаған. Оны тергеу үшін шағын бөлмеге кіргізген. Бөлмеде үлкен әлем картасы ілініп тұрған. Бір қызығы, онда "Жаңа Зеландия" деп аталатын мемлекет болмай шыққан. Осылайша, ол мұндай елдің барын дәлелдей алмай қойған.

"Тергеуге көші-қон полициясының, полиция қызметкерлері мен әуежай қызметкерлері қатысты. Пара беруге кеш болды. Бастапқыда мен солай жасаймын деп ойлағанмын. Бірақ, Жаңа Зеландияның өкілі ретінде, мен мұндай нәрсемен жақсы таныс емеспін", - деді ол.

Бірнеше сағатқа созылған тергеуден соң, оны 36 сағатқа кішкене ғана бөлмеге қамап қойған.

"Бөлмеде тек қана кереует болды. Ешқандай тамақ пен су берілмеді. Түні ішінде күзетшілер, мені аяп кеткен болуы керек, газдалған су әкеп берді", - дейді Хлоя.

Филлипс-Харристың айтуынша, ол әлімнің ең түкпірі дейтін жерлерде де болған, бірақ мұндай қиын жағдайды бастан кешірмеген екен.

Хлоя таныстарын жұмылдырып, олар виза рәсімдеп, әуежайдан шығаруға көмек берген екен.

Осылайша, ол Қазақстанда алты ай бойы өмір сүріпті.

Дегенмен, Хиллипс-Харрис Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанына және тау сілемдерінің керемет көрінісіне тәнті болғанын да жасырмады.

Саяхатшы Қазақстанға тағы бәр мәрте келмек ниетте. Оның айтуынша, бұл елдің мүмкіндігі өте зор.

"Елде жемқорлық қатты "дамыған". Бірақ, тұтас алғанда, онда жақсы адамдар өте көп. Табиғаты да өте әдемі. Бірақ, әлем картасынан Жаңа Зеландия табылмаған кезде, қатты жабырқадым", - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Алматыдағы "барахолка" тағы да өртке оранды (фото)

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Қарағандыда педофил сегіз жасар қызға толассыз қоңырау шалып, зәре-құтын қашыруда

Қазақ әжеймен бірге екі ай бойы өмір сүріп, қой баққан шетел азаматы өзінің әсерлерімен бөлісті

Алматы базарында тағы да төтенше жайт: "Жібек жолы" базарын су басты (видео)

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1336956-zhanha-zelandiya-degen-el-bar-ekenin-bilm.html