RU

Қадыров қаза болған мас жүргізушілерді діни рәсіммен жерлеуге тыйым салды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров дін қызметкерлеріне мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатынан қаза тапқан жүргізушілерді діни рәсіммен жерлеуге тыйым салды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

"Егер мас жүргізуші жол апатынан қаза тауып және өзге адамның өліміне себеп болса, оның жерлеу рәсіміне діни қызметкерлер қатыспауы тиіс. Қоғам ол адамның қылмыс жасағанын түсіну керек. Ол террористік акті жасады", – деп мәлімдеді Қадыров.

Қадыров сонымен бірге елге алкоголь сатуға тыйым салмағанын атап өтті. "Біз алкогольді ішімдіктерге тыйым сала алмаймыз, өйткені заң бойынша біздің құқығымыз жоқ", – дейді Шешенстан басшысы.

30 қарашада мәлім болғандай, аймақта алкоголь сатуға лицензиясы бар кәсіпкерлер Шешенстан парламентінің спикері Магомед Даудовпен кездесуден кейін, өз еріктерімен лицензияларынан бас тартқан. Оның сөздерінше, кәсіпкерлер өз еріктерімен қызметтерінен бас тартқан.

Даудовпен жиналыс мас күйінде көлік жүргізген Алам Ходжаевтың жол апатына ұшырап, жеті адамның қазасына себеп болғаннан кейін өткізген. 2009 жылдан бері Шешенстанда Қадыровтың спирттік ішімдіктерді таңғы сағат 8-ден 10-ға дейін сатуға рұқсат берген бұйрығы бар.

Рамазан және Ораза айт күндері алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салады.

Тағы оқыңыздар:

Алпыстан асқан Лидия Кәденова би билеуден жастарды шаң қаптырды (видео)

Қазақ әжеймен бірге екі ай бойы өмір сүріп, қой баққан шетел азаматы өзінің әсерлерімен бөлісті

Қарағандыда сегіз жасар қызды бір жыл бойы аңдумен келген ер адамға қатысты жаңа дерек пайда болды

Жаңа Зеландия деген ел бар екенін білмеген шекарашылар оның азаматын Қазақстанға кіргізбей қойған

Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын кореялық актриса кім?

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337050-sheshenstan-basshysy-kadyrov-mas-zhurgiz.html