RU

Бүгін Өзбекстанның жаңа президенті анықталады

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы болып өтті. Елдің Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың 87,8 пайызы дауыс берді.

Сайлау нәтижелеріне қатысты алғашқы ресми мәлімет дүйсенбі, 5 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланады. Комиссия дауыстарды есептеп жатыр.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық бақылаушылардан дауыс беру кезінде заң бұзушылықтар мен басқа да кемшіліктер туралы ескерту алмаған. Бұл туралы ОСК төрағасы Мырза Ұлықбек Әбдісаломов брифингте мәлімдеді.

Қоғамдық пікір сауалнамасы бойынша, мемлекет басшысы қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Мирзияев алғашқы өзбек президенті кезінде премьер-министр болды. Ол ішкі және сыртқы саясат бағытын әрі қарай жалғастыруға уәде берді.

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы республиканың алғашқы президенті Ислам Кәрімов қайтыс болған соң ұйымдастырылды. Ресми мәлімет бойынша, Ислам Кәрімов 2 қыркүйекте 79 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды.

Өзбекстан Конституциясы бойынша, елдегі жоғарғы мемлекеттік билікке президент иелік етеді. Негізгі заңдағы соңғы өзгертулерге сәйкес, президент бес жылға сайланады және ол билікті қатарынан екі мерзім ғана басқара алады.

Тағы оқыңыздар:

Алпыстан асқан Лидия Кәденова би билеуден жастарды шаң қаптырды (видео)

Қазақ әжеймен бірге екі ай бойы өмір сүріп, қой баққан шетел азаматы өзінің әсерлерімен бөлісті

Қарағандыда сегіз жасар қызды бір жыл бойы аңдумен келген ер адамға қатысты жаңа дерек пайда болды

Жаңа Зеландия деген ел бар екенін білмеген шекарашылар оның азаматын Қазақстанға кіргізбей қойған

Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын кореялық актриса кім?

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337083-bugin-ozbekstannynh-zhanha-prezidenti.html