RU

Бүркіт жас кезінде бірталай қыздың көз жасына қалғанын жасырмады

Танымал әнші Бүркіт жас кезінде қыздармен көп жүріп, оларды жылатқанын мойындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасында айтып берді.

Өзінің сымбатты екенін және мүсінінің өте жақсы екенін мойындаған Бүркітке журналистер оның қыздарға деген көзқарасы жайында сұрақ қойды.

"Тоқал алу мәселесіне қалай қарайсыз?", - деген төтесінен қойылған сұраққа Бүркіт оған қарсы екенін айтты.

"Менің ойымша адамға бір әйел жеткілікті. Мен әйелімнің көзіне шөп салмаймын. Ондай әрекетке барсам, екі баламның көзіне қалай қараймын. Оған уақытым да жоқ. "Қазақ байыса қатын алады" деген. Ондайды түсінбеймін", - деді ол.

"Жасырмаймын, жас кезімде қыздармен көп жүрдім. Жақсы бардым десем де болады. Бірақ, оның барлығы бойдаққа жарасады", - деген Бүркіт қыздарды көп жылатқанын да айтып қалды.

Тағы оқыңыздар:

Алпыстан асқан Лидия Кәденова би билеуден жастарды шаң қаптырды (видео)

Қазақ әжеймен бірге екі ай бойы өмір сүріп, қой баққан шетел азаматы өзінің әсерлерімен бөлісті

Қарағандыда сегіз жасар қызды бір жыл бойы аңдумен келген ер адамға қатысты жаңа дерек пайда болды

Жаңа Зеландия деген ел бар екенін білмеген шекарашылар оның азаматын Қазақстанға кіргізбей қойған

Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын кореялық актриса кім?

Нағима Есқалиева таяқтың астына алатын күйеуінен қалай құтылғанын айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337140-burkit-zhas-kezinde-birtalay-qyzdynh-ko.html