RU

Жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған үш жасар сәбидің әкесі табылды (фото)

"Астана-Бурабай" тас жолындағы Атамекен ауылынан 10 шақырым жерде болған жол-көлік оқиғасынан аман қалған 3 жастағы Данилдың әкесі мен әжесі табылды. Бұл туралы  Instagram-дағы "Клуб добряков Астаны" аккаунтынан белгілі болды.

Осыған дейін белгілі болғандай, бүлдіршінді майысып қалған көліктің ішінен оған автобус келіп соғылғанша аман алып шыққан болатын.

«Баланың әкесі мен әжесі хабарласты",- дейді жол апатының куәгері Кирилл Гончаров BNews агенттігіне телефон арқылы.

Кирилл жол апаты орын алған сәтте сол жерден өтіп бара жатқан басқа көліктің жолаушысы еді. Олар баланы Бұланды аудандық ауруханасына жеткізген болатын.

"Бізге белгілі болғандай, Данил Астанада анасымен бірге тұрған. Бүгін олар анасы екеуі ауылдағы әжесінің үйінен астанаға қайтып келе жатқан. Қазіргі таңда әкесі Макинскке шығып кетті. Данил оны ауруханада күтіп отыр. Хирургтер Данилды қарап шықты, оның хәлі жақсы. Алайда анасы өкінішке қарай, сол апаттан қаза болды", - дейді Кирилл.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда Атамекен аулынан 10 шақырым жерде салдарынан 4 адам мерт болған жол апаты орын алды. Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Бурабайдан Астанаға бет алған 49 жолаушысы бар автобус алдында кетіп бара жатқан Nissan Cefiro автокөлігін соққан.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында жас жігіт үш адамды бірдей мүгедек атандырған

Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)

КСРО құжатымен жүрген ақтөбелік ерлі-зайыптылар Қазақстан азаматы болуды армандайды

Ақмола облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза болды

Қадыров қаза болған мас жүргізушілерді діни рәсіммен жерлеуге тыйым салды

85 жастағы кейуана мешіт салдыру үшін зейнетақысын тиындап жинаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337185-zhan-turshigerlik-zhol-apatynan-tiri-qal.html