Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарына деген сезімін жұрттан жасыра алмайтын жұлдыздар

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында көркіне ел қызығатын қыздар мен жігіттер аз емес. Олардың ыстық ықыласына бөлену көпшіліктің арманы, ал өмірлік серігі болу, махаббатына айналу тіптен қол жетпес армандай көрінеді. NUR.KZ порталы өмірлік жарларына деген махаббатын елден жасыра алмайтын жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Ескендір Хасанғалиев

Жасы сексенге таяп қалған қазақ өнерінің майталманы "Ескірмеген махаббат" деп жырлап, өзінің жары Дарикошқа деген құрметін әлі күнге дейін жалпақ жұртқа паш етіп жүр. Әлдебір әншілер секілді жарын жұрттан жасырмай-ақ Хасанғалиев  жұлдыз атанған.

Бүркіт

Танымал әнші Бүркіт те жары Аишаға деген махаббатын жұрттан жасырмайды. Бір кездері хибжаб киген қызды аламын деп сұхбат берген Бүркіт жарын жанынан тастамай, тіпті бірге ән де айтады. Жуырда отандық бағдарламалардың бірінде ол тоқал алуға мүлдем қарсы екенін айтты.

Ерлан Орынбасаров

Жұбайымен бірге "Біргеміз" деп әндеткен Ерлан Орынбасаров өзінің Баянға деген сезімін елге көрсетуден жалықпайды. Ол бірге түскен суреттерін күнара жаңартып отырады.

Қыдырәлі Болманов

Қыдырәлі кез келген мейрамда, кез келген айтулы мерекеде жұлдызды жары Қарақатқа арнап жазба қалдырады. Тіпті жұрт Қыдырәлі жарын қалай еркелетінін де біліп қойған. Қыдырәлі оны "Қақатым" деп атайды.

Арман Қоңырбаев

Желі қолданушылары ең әдемі жұп деп атайтын жас жұбайлар Аша мен Арман махаббаттарын елден жасырмайды. Жуырда ғана әке атанған Арман жарын "Ботам" деп атайды.

Алмас Кішкенбаев

Алмас Кішкенбаевтың да жарына деген сүйіспеншілігі ел аузына ілікті. Ол өзінің желідегі парақшасында өзінің әйелін сұлу деп атап, мақтанған еді. Оны естіген жұрт сүйсінгендіктерін жасырмай айтқан.

Мәдина Сәдуақасова

Мәдина Сәдуақасова әйел бақытын кештетіп көрген жұлдыздардың бірі. Ол желіге жары және баласымен түскен суретін салып, олармен бірге бақытты екенін жиі көрсетіп жүреді.

Мұрат Қожа

Екінші рет үйленген Мұрат Қожа өзінің екінші жарына деген сүйіспеншілікке толы жазбалар қалдырып, суреттерін жиі жүктейді. Тіпті оның сұлулығына тамсанып, "сұлуым" деп те жазып қояды.

Сейфуллин Жолбарыс

Сейфуллин Жолбарыс өзінің желідегі парақшасына екінші жарымен бақытты екенін көрсетіп жүр. Бірге демалыстарда түскен суреттеріне қарап, желі қолданушылары оның жарының сұлулығына тамсанған-ды.

Тағы да оқыңыздар:

Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына ұшырады (фото)

Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1337270-zharlaryna-degen-sezimin-zhurttan-zhasy/

pixel