RU

Мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектігін жыл сайын дәлелдеуге міндетті

Мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектігін жыл сайын дәлелдеуге міндетті. Айықпас дертке шалдыққаны, төсекке таңылғаны, тіпті аяқ-қолы жоғы да деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

ОҚО-да 5 жастағы Айару 2 жыл бұрын кездейсоқ көлік апатына ұшыраған. Апаттан бүлдіршіннің өкпесінің жартысы кесіліп, қабырғасы сынған. Өңешіне қатты зақым келіп, еркін тыныстаудан қалған. Сөйтіп бір күнде мүгедекке айналды. Оны бағып-қағып отырған әжесінің қаражаты да, қолдауы да жоқ.

Екі жылдық зейнетақсын тоқтатып, ары қарай біз сізге төлемейміз деді. Бір жылға тым құрығанда төлеңіздерші, баланың өкпесі өсіп, басындағы зақымын кетіргенше, дәрі-дәрмек алсам екен. Бізге ешқандай көмек жоқ, дәрі-дәрмек бөлмейді", - дейді Айарудың әжесі Гүлмира Құрманғалиаева.

Ал 26 жастағы Анардың алақаны арбаны ғана басқаруға қауқарлы. Бұлшықеттер босаған, буыны ұстамайды. Жүріп-тұрғаны былай тұрсын, қасық ұстауға дәрмені жоқ. Анар 16 жасында кембағалдықтың 3-ші, кейін 2-санатын алған. Былтырдан 1-топтағы мүгедек. Бірақ, жыл сайын дертін дәлелдеп әлек.

"Біз жыл сайын өтеміз. Бір топ адам бар, бәріміз кезекте тұрамыз. Жыл сайын кездесеміз. Кейбірінің аяғы жоқ, кейбірінің қолы жоқ. Сіз әлі жүрсіз бе, сізге постоянный берген жоқ па сұраймыз", - дейді бірінші топтағы мүгедек Анар Хамитова.

Онсыз да қозғалуы мұң мүгедектер, қалың қағаз жинап, әр мекеменің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Жылдағы әдет осы. Әйтпесе, әлеуметтік жәрдемақыдан қағылады.

"Жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз болған кезде, яғни, 1-топтағы 4 жыл динамикалық бақылаудан кейін, 2-топ 5 жыл, 3-топ 6 жыл динамикалық бақылаудан кейін белгіленед егер жыл бойы жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімді болса, 1-топтан екінші топқа, немесе 2-ден 3-топқа ауыстырлуы мүмкін", - дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, комитет сарапшысы Айгүл Кемерова.

Ал, ауру айықпай, асқына түссе, мүгедектік тобы керісінше төмендетіледі. Соған сай, жәрдемақы да еселенеді. Белгілі бір мерзімнен соң, кембағал жандар мүгедектікті дәлелдеуді тоқтатады. Демек, Анардың әлі 3 жыл талай есікті тоздыруына тура келеді. Ал, түн ұйқысын төрт бөлген Гүлмира әже, Айарудың ауырған жерін ыстық қолымен, жаралы жанын жылы сөзбен емдеуден басқа амалы жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында жас жігіт үш адамды бірдей мүгедек атандырған

Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)

КСРО құжатымен жүрген ақтөбелік ерлі-зайыптылар Қазақстан азаматы болуды армандайды

Ақмола облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза болды

Қадыров қаза болған мас жүргізушілерді діни рәсіммен жерлеуге тыйым салды

85 жастағы кейуана мешіт салдыру үшін зейнетақысын тиындап жинаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337279-mumkindigi-shekteuli-zhandar-mugedekt.html