RU

Танымал ресейлік әртіс кәлиманы айтып, мұсылман атанды

Белгілі Кеңес және Ресей әртісі Елена Проклова кәлима шахадатын айтып, мұсылман болды деп хабарлайды ummet.kz.

Ол «Мимино» фильмінде Лариса Иванқызы рөлін сомдауымен танылған. Елена Проклова Біріккен араб әмірлігіне тарат кәсіпкері Исмаил Шанғараевтың үйіне мейман болып барған сапарында ислам дінін қабылдаған.

Оның өмірлік көзқарасының қалай өзгергені жайында Исмаил Шағараевтың өзі айтып берген. «Елена мұсылман өркениетіне қатты қызығатынын және біздің дінімізді ұнататынын айтып жүретін. Оның күйеу баласы – мұсылман, немерелері де мұсылман және ол осы үшін қуанады.

Мен оған асыл дініміз жайында жан-жақты түсіндірдім, ол аса зейін қойып тыңдады. Осыдан кейін көрікті шейх Зайед мешітіне имамға барып, кәлима шахадатын айтты. Елена мешітте орыс тілінде Алла Тағаладан өзіне, отбасына, балалары мен немерелеріне барлық жақсылықты тіледі» дейді татар кәсіпкері.

Тағы оқыңыздар:

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған үш жасар сәбидің әкесі табылды (фото)

Каримовтің көлеңкесінде жүрген Мирзияев отбасымен сайлауға келді (фото)

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337336-tanymal-reseylik-artis-kalima-shakhada.html