RU

Ғашық қызына ұнамақ болған шымкенттік жігіт күлкіге қалды (фото)

Шымкентте қызға ұнау үшін полиция қызметкерінің киімін киген ер адам ұсталып қалды деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

2-ші желтоқсан күні Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне Гагарин көшесіндегі бір кафеде полиция формасын киген күдікті ер адамның отырғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Күдікті азамат туралы полицияға сол кафенің күзет қызметі хабарлаған. Оқиға орнына жеткен Абай ПБ-нің жедел-тергеу тобы майор шенінде полицей формасын киген, жұмыссыз 1975 жылғы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

"Тәртіп сақшылары анықтағандай 41 жастағы ер адам өзі ұнататын бойжеткеннің алдында өзін құзырлы орган қызметкері ретінде көрсетіп, мақтанғысы келген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ер адам Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не жеткізілді. Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ СДБТТ тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 390-бабымен ("Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу") қылмыстық іс қозғалды", - делінген ОҚО ІІД баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ аталған бапта көрсетілгендей айыпкерге бір жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе қырық бес тәулікке дейінгі қамаққа алынады.

Қазіргі таңда оқиғаның барысы жан-жақты анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар:

Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына ұшырады (фото)

Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337533-ghashyq-qyzyna-unamaq-bolghan-shymkentti.html