RU

Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті

«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен мәжілістегі үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерді сынға алды, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Елдің өзі элиталық қауым деп атап жүрген, білім мен ғылымға жақын журналистердің тіліне көңілі тола бермейді. Көптеген себептері бар. Қазақ тіліндегі екпіндер дұрыс қойылмайды, көзсіз еліктеу көп. Орфоэпия мен орфографияны ажырата алмайтындар қалай жазылса, солай оқиды» , - дейді Бекболат Тілеуxан.

Депутат сонымен қатар отандық теле-радиодағы қазақ тілінің үлесіне көңілі толмайтынын жеткізді.

«Мемлекеттік тілдің жағдайы әлі де мәз емес. «Айта-айта қасқырдан да ұят болды» дегендей, осы мәселе әбден жауыр болды. Халық көретін прайм-тайм уақыттарда түрік, кәріс, үнді сериалдары көрсетіледі. Ал радионы музыкалық бағдарламалар жаулап алған. Мысалы, Францияда америкалық өнімдерді телеарналарда, кинопарктерде көрсетуге квота берілген. Бізге де осындай бір талап қажет шығар», - дейді мәжіліс депутаты.

Тағы оқыңыздар:

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған үш жасар сәбидің әкесі табылды (фото)

Каримовтің көлеңкесінде жүрген Мирзияев отбасымен сайлауға келді (фото)

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337536-bekbolat-tileuxan-telearnada-sauatty.html