RU

Өз анасы мен бауырын маңдайынан атқан бозбала АҚШ-ты дүр сілкіндірді

Пенсильвания штатында 14 жастағы жасөспірім өзінің анасы мен бауырын жер жастандырды деп хабарлайды NUR.KZ шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

Нью Стэнтем қаласы полициясының мәлімдеуінше, Джейкоб Римейли есімді жасөспірім өзінің 46 жастағы анасы мен 8 жастағы бауырын тапаншамен атып өлтірген.

Баланың мұндай әрекетке бару себебін полиция мен психиатрлар анықтау үстінде.

Ал ол ұстаған қару баланың қолы жететін оңай жерде тұрған.

Полицияның хабарлауынша, Джейкоб ерте тұрып, ас бөлмесінде тұрған қарумен анасы ұйықтап жатқан бөлмеге барады. Ол қаруды анасына қаратып, маңдайынан жақын жерден тұрып атқан.

Содан кейін ол туған бауырын да төсегінде ұйықтап жатқан жерінен атып өлтірген.

Осыдан соң Джейкоб 911 құтқару қызметіне хабарласып, әкесінің суық қаруды кереуеттің үстіне қалдырып кеткені туралы мәлімдейді. Полицияның ойынша, баланың бұл әрекеті бар кінәні әкесіне жабуға деген арам пиғылынан шыққан.

Тағы оқыңыздар:

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Жантүршігерлік жол апатынан тірі қалған үш жасар сәбидің әкесі табылды (фото)

Каримовтің көлеңкесінде жүрген Мирзияев отбасымен сайлауға келді (фото)

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337551-oz-anasyn-atyp-oltirgen-zhasospirimni.html