Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің Әнұранын менсінбеген шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео)

Опубликовано:

Желіде Қазақстанның мемлекеттік Әнұраны орындалған кезде қолын жүрек тұсына апармаған шымкенттік журналистердің әрекеті қызу пікірталас туғызуда деп жазады NUR.KZ.

Facebook қолданушысы Әсет Әссандидің жазуынша, респбуликалық БАҚ-тарда Оңтүстік Қазақстан облысының тілшісі болып істейтін екі журналист Әнұран шырқалған кезде қолын кеудедегі жүрек тұсына қоймаған.

Видеоны тамашалаған көпшілік Қазақстанның Әнұранын құрметтемеген екі журналисті сынап тастады. Кейін белгілі болғандай, олар Марина Низовкина және Ирина Абрамова болып шықты.

Көпшіліктің пікірінен соң, екі журналист өздерінің Ресей азаматтығын алғанын жазған. Заң бойынша, Қазақстанның азаматы болып есептелмейтін тұлғалардың Әнұран кезінде қолын кеуде тұсына қоймауға құқығы бар.

Әйтсе де, оңтүстікте туып-өсіп, осы өңірдің жаңалықтарын республикаға жария етіп жүрген, тіпті, кезіндегі облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтан ақшалай сыйлық алған тілшілердің бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнаған жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына ұшырады (фото)

Екі сөздің басын біріктіре алмаған шымкенттік шенеунік ұятқа қалды (видео)

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1337775-anuran-shyrqalghanda-qolyn-zhurek-tusyn/

pixel