RU

БҚО-да әкімнің жүргізушісі өз үйінде өлі күйінде табылды

БҚО Зеленов ауданы Шалғай кентінде ауыл әкімінің жүргізушісі өз үйінде өлі күйінде табылды деп хабарлайды Baq.kz.

22 жастағы жігіттің денесінде зорлық белгілері бар. Шалғай ауылдық округінің әкімі Талғат Қантеміровтің айтуынша, жас жігіт әкімдікте екі жылдан астам уақыт жұмыс істеген деп жазады «Мой город».

«Әкім болып тағайындалғаныма небары 10 күн ғана болды, онымен өте аз жұмыс істедік. 2 желтоқсан күні жүргізуші жұмысқа шықпай қалды, бірден іздей бастадық. Немере ағасы оны өз үйінде өлі күйінде тапты. Ауылда марқұмның туыстары көп, бірақ ол жалғыз тұратын. Өте ұқыпты, мейірімді, артық қылықтары жоқ жігіт еді. 4 желтоқсанда ауыл жұрты оны жер қойнына тапсырды», - деді ауыл әкімі.

БҚО ІІД болған оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Айта кетсек, Шалғай кентінде барлығы 700-ге тарта адам тұрады.

Тағы да оқыңыздар:

Әнұран шырқалғанда қолын жүрек тұсына қоймаған шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео)

16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады

Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына ұшырады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337785-bqo-da-akimninh-zhurgizushisi-oz-uyinde-o.html