RU

Ақтауда смартфоннан тоқ соғып, 7 айлық нәресте көз жұмды

Ақтаудағы сәбидің өліміне зарядталып тұрған ұялы телефон себеп болған деп хабарлайды tumba.kz сайтына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Оқиға сенбі күні 3 желтоқсанда болған. Басылымға сұхбат берген жанұя танысының айтуынша, әйел адам жеті айлық сәбиімен ұйқыға жатады. Жанына ұялы телефонды зарядтауға қояды. Бала оянып кетіп, электронды құрылғымен ойнай бастайды, бәлкім, сымды тістелеп тастаған болса керек. Сәбиді тоқ соққан.

Ата-анасы баланы ауруханаға алып барады, алайда сәби оңалмастан көз жұмады. Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, баланы сенбі күні таңертең алып келген. Дәрігерлер ешқандай жәрдем көрсете алмады, өйткені сәби көз жұмған болатын. Бала өлімінің нақты себептерін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.

Тағы да оқыңыздар:

Әнұран шырқалғанда қолын жүрек тұсына қоймаған шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео)

16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады

Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті

ОҚО-да белгілі уағызшы өмірден өтіп, жаназасына он мыңға жуық адам жиналды

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына ұшырады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337852-aqtauda-zaryadtalyp-turghan-smartfonn.html