RU

Шымкентте бір үйдің екі бірдей баласы газдан уланып көз жұмды

Шымкентте бір үйдің екі бірдей перзенті улы газға елтіп, көз жұмды деп хабарлайды 24.kz.

Қаза болғандардың біреуі – бір жасқа енді толған бүлдіршін. Ал олардың ата-анасы мен 1995 жылы туған тағы бір бауыры облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына ауыр халде жеткізілген.

«Қазір олардың жағдайы жақсы», - дейді дәрігерлер.

Қайғылы жағдай «Асар» мөлтек ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алған.

«Табиғи газбен су жылыту құрылғысын пайдалану қағидаларының бұзылу салдарының соңы осындай орны толмас қайғылы жағдайға соқтырып отыр», - дейді ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы таратқан ақпаратта.

Төтеншеліктер газ құралдарын және пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда смартфоннан тоқ соғып, 7 айлық нәресте көз жұмды

Еліміздің Әнұранын менсінбеген шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео)

16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады

Ринат Зайытов атышулы Ninety One тобын тағы сынап тастады (видео)

Ғашық қызына ұнамақ болған шымкенттік жігіт күлкіге қалды (фото)

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337988-shymkentte-bir-uydinh-eki-birdey-balasy.html