RU

2017 жылы зейнетақы мен айыппұл мөлшері өседі

Елбасы «2017-2019 жылға арналған Қазақстанның бюджет есебі» туралы заңға қол қойды. Келесі жылғы айыппұлдар мен әлеуметтік төлем көлемі осы құжат бойынша есептелетін болады. Бұл туралы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап qamshy.kz хабарлады.

Биліктің электронды сайтында, бұрынырақ, ең төменгі өмір сүру мөлшерлемесі, ең төменгі жалақы, базалық зейнетақы көлемінің бір айлық көрсеткіші туралы заң жобасы ұсынылған болатын. Бюджет туралы заң тосыннан ешқандай сый алып келген жоқ. Келесі жылы барлық көрсеткіштер әдеттегідей 7%-ға өседі.

Осындай пайыз базалық зейнетақыға да қосылатын болады. Ол «президенттік» төлем деп те аталады. Ал, негізгі зейнетақы 9% -ға өседі. Зейнатақы көлемін былайша есептеуге болады: 50 000 теңге (2016 жылғы толық зейнетақы мөлшері) – 11 965 теңге (базалық зейнетақының ағымдағы мөлшері) = 38 035 теңге. 38 035 теңге х 1,09 = 41 458 теңге (жаңа зейнетақы көлемі) 41 458 теңге+ 12 802 (жаңа зейнетақы көлемі) = 54 260 (2017 жылдағы толық зейнатақы көлемі).

Аударған: Балнұр Омар

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда смартфоннан тоқ соғып, 7 айлық нәресте көз жұмды

Еліміздің Әнұранын менсінбеген шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео)

16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады

Ринат Зайытов атышулы Ninety One тобын тағы сынап тастады (видео)

Ғашық қызына ұнамақ болған шымкенттік жігіт күлкіге қалды (фото)

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1337994-2017-zhyly-zeynetaqy-men-ayyppul-molsheri-o.html