RU

Кәрім Мәсімов жаңа қызметке сайланды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстандық триатлон федерациясының президенті болып сайланды деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

"Оның кандидатурасын бүгін федерацияның конференциясында таңдады", — делінген хабарламада.

Баспасөз хабарламасына сәйкес, конференцияға Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ федерация мүшесі, құраманың бапкерлік құрамы, Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті қатысты.

Өзінің сөйлеген сөзінде Мәсімов федерацияның жақындағы кезеңіне міндеттерді белгіледі.

"Триатлон біздің ел үшін айтарлықтай жас спорт түрі. Оның дамуы бастапқы кезеңде тұр. Осы спорт түрінің жоспарлы және кешенді дамуын қамтамасыз ету қажет және ол көз жетерлік келешекте өз нәтижелерін береді", — деді Мәсімов.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда смартфоннан тоқ соғып, 7 айлық нәресте көз жұмды

Еліміздің Әнұранын менсінбеген шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео)

16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады

Ринат Зайытов атышулы Ninety One тобын тағы сынап тастады (видео)

Ғашық қызына ұнамақ болған шымкенттік жігіт күлкіге қалды (фото)

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338055-masimov-triatlon-federaciyasyn-basqa.html