RU

Бекболат Тілеухан Facebook-ті ауыздықтау мәселесін көтерді

Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан фейсбук желісінің Қазақстанда саяси аренаға айналып кеткеніне қынжылыс білдірді деп хабарлайды Baq.kz.

«Баяғыда мінбеге шығып, сөз алу үшін, ақпарат тарату үшін дәлелденген еңбегің, қоғамда пікір айтатын беделің болуы керек еді. Баяғыда, ең болмаса пікір айту үшін 100 қойдан 101 қозы алуың керек болатын. Ал қазір ерінбеген етікші, ұялмаған әнші болатын заман туды. Шексіз майдан басталып кетті. Тізесіне ноутбугын қойып, ойына келгенін жаза береді. Еліне құрметі қалған жоқ», - деп күйінді депутат.

«Мұның бәрі, біріншіден, мәдениеттің жоқтығынан. Тектіліктің болмауынан деп ойлаймын. Мысалы, Facebook АҚШ-та отбасымен балық аулауға барғандары секілді демалыстарының суретін салатын әлеуметтік желі болып саналады. Ал бізде, Қазақстан қоғамында бұл саяси аренаға айналып отыр. Осыны ауыздықтау үшін не істеу керек деген мәселе Ақпарат министрлігінің алдында тұр», – дейді Бекболат Тілеухан.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда смартфоннан тоқ соғып, 7 айлық нәресте көз жұмды

Еліміздің Әнұранын менсінбеген шымкенттік журналистердің басы дауға қалды (видео)

16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады

Ринат Зайытов атышулы Ninety One тобын тағы сынап тастады (видео)

Ғашық қызына ұнамақ болған шымкенттік жігіт күлкіге қалды (фото)

Алматы облысында жас жігіт жазықсыз үш адамды мүгедек қылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338160-bekbolat-tileukhan-sayasi-arenagha-ayna.html