RU

Назарбаев Өзбекстанның жаңа президентін Қазақстанға шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан республикасының жаңа сайланған президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында табыс пен мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттары жөніндегі екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Елдер көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Еске сала кетсек, 4 желтоқсан күні Өзбекстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша, Шавкат Мирзиеев 88,61 пайызы дауыс жинап, елдің жаңа басшысы атанды.

Тағы оқыңыздар:

Америкалық сарапшы: Сайлаудан соң Өзбекстанның өмірі өзгереді

Бекболат Тілеухан Facebook-ті ауыздықтау мәселесін көтерді

Трамп Обаманың бүгінге дейінгі саясатын түбегейлі өзгертпек

Астанада ірі экстази тасымалдау каналына тосқауыл қойылды (фото)

Шымкентте бір үйдің екі бірдей баласы газдан уланып көз жұмды

Қостанайда азғантай ақша үшін 80 жастағы зейнеткерді өлтіріп тастады

Оралда 53 жастағы келіншек емхананың терезесінен секіріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338198-nazarbaev-ozbekstannynh-su-zhanha-prezi.html