RU

Депутаттар "түрлі басылымдарға деп" ай сайын ақша ұстап қалуды доғаруды талап етті

Депутаттар Ақпарат министрінен ұстаздардың жалақысынан ай сайын түрлі басылымдарға деп ақша ұстап қалуды тоқтатуды сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

"Мемлекеттік қызметкерлерді, әсіресе, мұғалімдерді газет- журналдарға мәжбүрлеп жаздыру әлі жалғасып келеді. Отандық басылымдар осы жолмен күн көруді жалғастыра бере ме? Одан да газет-журналдар реформа жасап, сапасын арттырмай ма?", - дейді мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.

Депутаттардың айтуынша, әлі күнге дейін ұстаздар, дәрігерлер мен әкімдік қызметкерлері басшыларының бұйрығымен мемлекеттік газет-журналдарға еріктен тыс жазылып жүр. Бұл әсіресе аймақтарда ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан үрдіс.

Ал мемлекеттік басылымдардың шығынына деп онсыз да жылда қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Мұғалімдердің өздері оқымайтын газеттерге амалсыз алып жүргенінен министр де хабардар екен.

Сондықтан Дәурен Абаев басылымдардан жұртты мәжбүрлеудің орнына сапалы әрі қызық материалдар жазып, оқырман тартуды талап етпек.

Тағы оқыңыздар:

Америкалық сарапшы: Сайлаудан соң Өзбекстанның өмірі өзгереді

Бекболат Тілеухан Facebook-ті ауыздықтау мәселесін көтерді

Трамп Обаманың бүгінге дейінгі саясатын түбегейлі өзгертпек

Астанада ірі экстази тасымалдау каналына тосқауыл қойылды (фото)

Шымкентте бір үйдің екі бірдей баласы газдан уланып көз жұмды

Қостанайда азғантай ақша үшін 80 жастағы зейнеткерді өлтіріп тастады

Оралда 53 жастағы келіншек емхананың терезесінен секіріп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338217-deputattar-turli-basylymdargha-dep-ay.html