RU

Продюсерімен азаматтық некеде тұратын Луина тұрмысқа шығуды армандап жүр

Отандық әнші Bido-мен ән жазып, бейнебаян түсірген Луина заңды некесін қидырып, ана болғысы келетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл  туралы ол өзінің жаңа бейнебаянының тұсаукесері кезінде айтты.

Жомарт Сүлейменов сөзінде тұрды. Бас-аяғы алты жыл ішінде отандық шоу-бизнесте Луинаның шамшырағын жағып, тіпті халықаралық сахналарға шығарамын деп уәде еткенді. Міндет орындалғанмен продюсер мен әнші арасындағы келісімшарттың уақыты тәмам. Олар, құжатты ұзартпайтынын кесіп айтты.

Әнші енді тұрмысқа шығып, ана атануды мақсат етіп жүр.

"Мен өзімнің жұбайымның заңды әйелі болғым келеді. Тұрмысқа шығып, ана атанғым келеді", - деп кесіп айтты ол.

Естеріңізге салсақ, Луина отандық бағдарламалардың бірінде өзінің продюсері Жомартпен бірге 5 жылдан бері азаматтық некеде тұрып жатқанын айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Іздеуде жүрген экс-мәжілісмен ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

Қостанайда азғантай ақша үшін 80 жастағы зейнеткерді өлтіріп тастады

Мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектігін жыл сайын дәлелдеуге міндетті

Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338478-luina-turmysqa-shyghyp-ana-bolugha-dayyn.html