RU

Ақмола облысында ер адам жол апатына түскен әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

4 желтоқсан күні Астана-Щучинск автобанында орын алған жантүршігерлік жол апатында бірнеше көлік соқтығысты. Құлыпталып қалған автокөлікте қалып қойған әйелді құтқармақ болған ер адам қаза тапты деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Апат Атамекен ауылының маңында орын алды. Соқтығысу салдарынан көліктердің бірі Nissan Cefiro автокөлігінің есігі құлыптанып қалады. Алайда жүргізуші бірнәрсе қылып шығып алады да, салон есігін ашуға тырысады. Оған көмекке ВАЗ-2106 жеңіл көлігінің жүргізушісі келіп, капотқа шығып алып аяғымен көліктің терезесін сындыруға тырысады.

Осы уақытта Бурабайдан Астанаға жол тартқан, салонында 49 жолаушысы бар автобус оларға соқтығысады. Соқтығысу салдарынан оқиға орнында Астана қаласының 1984 және 1967 жылы туылған екі тұрғыны, 1994 жылғы Зеренді ауданының тұрғыны, сонымен қатар көмектеспек болған "ВАЗ-2106" көлігінің жүргізушісі, 1966 жылы туылған Бурабай ауданының тұрғыны қаза тапты.

Автокөліктен екі жасар баланы құтқару мүмкін болды, ол Бұланды орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, оның әжесі мен атасы анықталды. Қаза тапқандардың денесін полиция мәйітханаға жіберді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Одан бөлек сол күні ТЖД көлігі мен полиция автокөлігі соқтығысты. ІІД-нің мәліметінше, жол апатына нашар көріну, көктайғақ, бір күн бұрын жауған жауын салдарынан тас жолда қатқан мұз қабаты себеп болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Ауа райы жағдайынан тыс, көрінудің нашар екенін біле тұра, қозғалу жылдамдығын түсірмеген жүргізушілердің менмендігі де себеп болған болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Бәлкім, біздің камералар көрсетіп отырғандай Астанадан Бурабайға сағат таңғы 7-де шыққан авобус жүргізушісінің шаршауы да әсер еткен болуы мүмкін", — деді "ҚазАвтоЖолда" АҚ-да.

Сондай-ақ, жолдарды жабу туралы шешім полиция, ТЖД, және жолшылармен келісе отырып қабылданатынын хабарлады. Астана-Бурабай тас жолы ауа райы қолайсыздығына байланысты сағат 15:00-де жабылды. Ал жол апаты күндізгі сағат екілерде орын алған.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Іздеуде жүрген экс-мәжілісмен ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

Қостанайда азғантай ақша үшін 80 жастағы зейнеткерді өлтіріп тастады

Мүмкіндігі шектеулі жандар мүгедектігін жыл сайын дәлелдеуге міндетті

Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338485-aqmola-oblysynda-er-adam-zhol-apatynan.html