RU

Танымал түрік әншісі қазақ қыздарынан тоқал алғысы келетінін айтып, ағынан жарылды

Танымал түрік әншісі Бурай қазақ қыздарынан тоқал алғысы келетінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.

Жуырда Алматының төрінде дүркіреп өткен "Жылдың үздік әні" ән байқауына түрік әншісі Бурай да келіп, Төреғалимен және Қайратпен дуэт айтқан болатын. Бұл тұста түрік әншісі қазақ қыздарына деген көзқарасы ерекше екенін білдіріп қойды.

Алматыға алғаш рет аяқ басып отырған түрік әншісі қазақ қыздарының сұлулығына тәнті болғанын жасырмады.

"Алматыға келе сала көзім түскені - қазақ қыздарының сұлулығы. Бұрын да достарым қазақтың қыздары өте әдемі деп жиі айтатын. Осы жолы соған көзім жетті", - дейді әнші.

"Негізі менің бала-шағам, сүйген жарым бар. Бірақ, қазақ қыздарына ғашық болғаным сонша, олардың бірін тоқал етіп алсам деген арам ой да келді.

Сіздерде төрт әйелге дейін алуға болады екен. Мен де қазақ қызын тоқал ретінде Түркияға алып кетсем, арман жоқ қой, шіркін", - деген ол көксегенін айтып салды.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Отандық продюсер өте танымал қазақ әншісінен жасырын бала туып, оның тоқалы болғанын мойындады

Іздеуде жүрген экс-мәжілісмен ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

Қостанайда азғантай ақша үшін 80 жастағы зейнеткерді өлтіріп тастады

Ақмола облысында ер адам жол апатынан әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

Елімізде арақ пен сыраны жарнамалауға рұқсат етілмекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338523-tanymal-turik-anshisi-qazaq-qyzdaryna.html