RU

Ғалымдар: Құраннан гөрі Інжілде зорлық-зомбылық сөздері көбірек кездеседі

Құранның қаншалықты зорлық-зомбылыққа толы екенін анықтауға тырысқан Том Андерсон есімді ғалым мұсылмандардың қасиетті кітабы шын мәнінде мейірімге толы екенін анықтаған. Бұл туралы NUR.KZ порталы independent.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалым Құран мен Інжілдің мәтіндерін арнайы бағдарламаға енгізіп, ондағы зорлық-зомбылық сөздерінің қаншалықты жиі кездесетінін санап шыққан.

"Бұл жоба Ислам дінін терроризммен байланыстырып жүргендердің сұрағына жауап беру мақсатында қолға алынып, Ислам дінін өзге діндермен салыстыру үшін жүзеге асырылды", - дейді Андерсон.

Мәтінді сараптайтын бағдарлама Құранның ағылшынша нұсқасы мен Інжілдегі зорлық-зомбылық сөздерін екі-ақ минуттің ішінде іріктеп шығарған.

Сөздер сегіз эмоцияға бөлініп, сараланды. Олар - қуаныш, үміттену, ыза, жиіркеніш, қайғы, таңдану, үрейлену, сенім арту.

Сараптама Інжілдің Құранмен салыстырғанда көбірек ыза сөздерін және азырақ сенім сөзін қолданғанын көрсеткен.

"Біз Ислам діні өзге діндерге қарағанда қатыгез екенін дәлелдеуді немесе жоққа шығаруды мақсат етпедік. Және де бұл зерттеу жан-жақты жасалмағандықтан, қандай да бір тұжырым жасауға жарамайды", - деп ескертті ғалым.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Ақмола облысында ер адам жол апатынан әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

Іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтардың бірі ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

"Кешью" тобының әншісіне үйленетін жігіт Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды (видео)

Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338584-ghalymdar-qurannan-gori-inzhilde-zorly.html