RU

Қазақстанның ең әдемі қызы "Әлем аруы" байқауының финалына өтпей қалды

2015 жылы "Қазақстан аруы" атанған Әлия Мергембаева "Әлем аруы-2016" байқауының ақтық сынына өтпей қалды. Ол үздік деп танылған 20 үміткердің қатарынан көрінбеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Әлия өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Қайырлы түн, достар! Бүгін үздік деп танылған 20 қатысушының өнерін тамашалап отырмын. Барлығы өте жақсы деңгейде өтті. Қыздар әдемі, дарынды болып шықты", - деп жазды "Қазақстан аруы-2015".

Желі қолданушылары оның бұл тізімге кірген-кірмегенін сұрады. Бұл сұраққа Әлия, өкінішке қарай, кірмегенін айтты.

Айта кету керек, әлемдік сұлулар байқауы АҚШ астанасы Вашингтонда өтіп жатыр.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылы Қазақстанның ең сұлу аруы деп танылған 17-жасар Әлия 5 миллион теңге ұтып алған болатын. Ол Маңғыстаудағы Туризм колледжінде оқып жүрген. Ару 30 қыздың ішінен іріктеліп алынған.

Атап өту керек, "Қазақстан аруы" интелектуалды байқауы кезінде ол көрермендерге кітап оқымайтынын айтып, таң қалдырған.

Кейіннен ол бұған қатысты түсініктеме беріп, кітап оқимын деп өтірік айта алмайтынын айтқан.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Ақмола облысында ер адам жол апатынан әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

Іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтардың бірі ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

"Кешью" тобының әншісіне үйленетін жігіт Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды (видео)

Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338586-qazaqstannynh-enh-ademi-qyzy-alem-aruy-b.html