RU

"Халық маркасы" әлемдік «Duty free» дүкендеріне жол тартты (фото)

Бүгін «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ мен Ақтау қаласындағы «Duty free» желісі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт жасалды.

Аталған келісімге сәйкес Ақтаудағы «Duty free» дүкенінің аумағында «Халық маркасы» брендімен отандық өнімдер сатылымға шығатын арнайы стенд пайда болады. Онда «Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған кондитерлік өнімдер мен сусындар, сувенирлер және т.б. тауарлар қойылады.

«Халық маркасы» қазақстандық өнімдердің өрісін кеңейтуге барынша күш салуда. Біз қолда бар мүмкіндіктердің барлығын пайдаланып, төл брендтерімізді ілгерілетудеміз. Сондай ілкімді қадам – ақтаулық «Duty free» желісімен жасалып отыр. Бұған дейін отандық өнімдер аталған дүкендерде аз көрініс тауып келген болса, ендігіде ол жерден де біздің маркаларымызды көруге болады», - деп атап өтті «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева.

Оның айтуынша, отандық әуежайларда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де халықтық маркалар тұруға тиіс. Бұл елдің елдігін білдіретін фактордың бірі. Яғни, әрбір шетелдік азамат қазақстандық өнімдермен жақсы таныс болуы үшін осы бағытта да қырқынды жұмыс жүргізбей болмайды. Дәл бұған отандық өндірушілер дайын.

Айта кетейік, қазақстандық өнімдер бар стендтер алдағы уақытта Еуропа мен бірқатар ТМД елдері, атап айтқанда, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресейде және Түркияның «Duty free» желілерінде пайда болады деп күтілуде. Өз кезегінде, Ақтау қаласында тұңғыш рет орнатылып отырған отандық өнімдер стенді алдағы уақытта әлемнің 20 елін қамтитын жемісті жұмыстардың беташары іспеттес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338641-khalyq-markasy-alemdik-duty-free-dukenderi.html