RU

Бердібек Сапарбаев ауылда отырып сүт пен нанды сатып алатын келіндерге ренжіді

Хромтау ауданы Бөгетсай ауылының тұрғындарымен кездесуінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бәсекелестікке төтеп берудің жолы ет, сүт, нан, т.б. өндірісі көлемін арттыру екенін атап өтті, деп хабарлайды «Тілші».

«Нарыққа байланысты бағаны жоғарылатпаудың бір-ақ жолы бар. Ол — бәсекелестікті дамыту. Етті көбірек шығаруымыз керек, сүт пен нанды көп шығару керек. Ауыл маңынан ағып жатқан Ор өзенін де тиімді пайдалануымыз керек. Жан-жағына көкөніс, дақылдар егу керек. Өзіміздің өнімді көбейту керек», — деді облыс басшысы.

Өңірде қант пен шайды ғана өндіру мүмкін еместігін айтқан Бердібек Сапарбаев өзге өнімдерді шығаруға болатынын жеткізді.

«Өкінішке қарай, соңғы кезде барлығымыз дайын затқа жүгіреміз. Ауылда тұрып нан сатып алған, ет пен сүт, жұмыртқа сатып алған дұрыс емес, ауыл тұрғындарында мұның барлығы болуы керек қой. Жеңгелеріміз, келіндеріміз, қыздарымыз еріншек болып бара жатыр. Әрине, жағдай жақсарғандықтан болар. Дегенмен, өзімізді өзіміз осындай өнімдермен қамтамасыз ете білуіміз керек», — деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, табиғи таза өнім денсаулыққа да пайдалы.

«Ауыл балалары бұрын неге ауырмады? Жөтел дегенді білмей өсті. Өйткені, барлығы таза тамақ болатын. Жалаңаяқ, жалаңбас жүгіріп жүретін. Құмның үстінде ойнайтын», — деді Сапарбаев.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Ақмола облысында ер адам жол апатынан әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

Іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтардың бірі ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

"Кешью" тобының әншісіне үйленетін жігіт Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды (видео)

Танымал түрік әншісі қазақ қыздарынан тоқал алғысы келетінін айтып, ағынан жарылды

Қазақстанның ең әдемі қызы "Әлем аруы" байқауының финалына өтпей қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338671-berdibek-saparbaev-auylda-otyryp-sut.html