RU

Алматыда алаяқ "емшіден" зардап шеккендер іздестірілуде (фото)

Алматы полицейлері "емші" әрі "балгер" әйелдің бірнеше алаяқтыққа қатысы бар-жоғын анықтауда деп хабарлайды қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Полиция мәліметінше, 1968 жылы туылған азаматша Ақылованың атына төрт клиенті шағым түсірген. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген алматылық емші әйел Ақылова дәстүрлі емес жолмен емдеп, бал ашамын деп адамдарды үйінде қабылдаған. Содан соң, әйел арзан бағада пәтер алуға және банкте кепілдікте тұрған көліктерді сатып алуға көмектесемін деп клиенттеріне уәде берген.

Көрсеткен "қызметі" үшін Ақылова 100 мың теңгеден бастап сыйақы алыпты, алайда берген уәдесінде тұрмапты.

"Сот алды тергеу жұмыстарының аясында бұл адамның басқа да алаяқтықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз, сол себепті халықтан балгер әйелді таныған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 298-53-00 және 298-53-01", — деді Әуезов ауданы ІІБ басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Ақмола облысында ер адам жол апатынан әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

Іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтардың бірі ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

"Кешью" тобының әншісіне үйленетін жігіт Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды (видео)

Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338790-almatyda-alayaq-emshiden-zardap-shekke.html