RU

Теміртау тұрғындарын аяғынан тік тұрғызған педофил кім?

2 желтоқсан күні тал түсте пәтерге басып кіріп, 8 жасар қызға зорлық қылмақ болған 38 жастағы ер адам ұсталды. Педофил Теміртау қаласының тұрғыны екен деп хабарлайды Baq.kz.

Өткен аптада қарағандылықтар WhatsApp арқылы бір-біріне хабарлама жіберіп, Теміртауда педофилдің жүргендігін айтып, сақ болуға шақырған. Мобильдік қосымша арқылы тараған аудиожазбада ата-аналарға балаларын, әсіресе қыздарды мектептен кейін күтіп алу керектігі айтылған.

«Біздің 3 А шағын ауданда мынандай оқиға болды. Міне, 19 үй, бірінші кіреберіс, әлі де көп полиция жүр. Сағат 12-ден бастап. Қыз бала, біздің балалармен қатарлас, екінші сыныпта оқиды. Пәтерге кіріп бара жатқанда, соңынан «маньяк» кірген. Баланы шешіндіре бастаған. Әйтеуір бала пәтерден қашып кеткен. Далаға солай шешінген қалпында жүгіріп шыққан. Не болғанын толық білмеймін, бірақ барлықтарыңызға ескерткім келеді. Енді балаларды мектептен қарсы алуымыз керек», - дейді аудиожазбадағы әйел дауысы.

Кейінірек белгілі болғандай, оқиға 2 желтоқсан күні түске қарай болған. Теміртау қаласының тұрғыны қызымен бірге үйіне келе жатқан. Анасы дүкенге кірмек болады. Қызына пәтердің кілтін беріп, үйге жібереді. Екінші сыныпта оқитын қыз баланың отбасы тоғыз қабатты үйдің сегізінші қабатында тұрады екен.

Балаға подъезде белгісіз бір ер адам жақындап, су сұраған. Ол пәтерге баламен бірге ілесіп кіріп, оған тап беріп, шешіндіре бастаған. Ер адам баланы іш киіміне дейін шешіндірген. Абырой болғанда қыз педофилдің уысынан сытылып шығады. Далаға іш киіммен қашып шыққан баланы көршілері көріп, полиция шақырған.

«Жедел іздестіру шараларының барысында 38 жасар Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазір баланың құқығына қарсы әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Құдияров.

Тағы да оқыңыздар:

Оң босағада отырып қалған қазақ қыздарының өзі үшін бала туып алғаны қаншалықты дұрыс?

Ақмола облысында ер адам жол апатынан әйелді құтқарамын деп өз өмірін құрбан етті

Іздеуде жүрген ағайынды Рысқалиевтардың бірі ағайын-туысын скайп арқылы құттықтады

"Кешью" тобының әншісіне үйленетін жігіт Баян Есентаеваға айыппұл төлейтін болды (видео)

Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1338866-temirtaulyqtardynh-qutyn-qashyrghan-pe.html