Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын енді таксиде отырып насихаттайтын болған

Опубликовано:

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр. Енді олар шет тілін үйрететін курстар арқылы немесе қайырымдылық қорларының атын жамылып иедологияларын тарататын болған. Такси жүргізушілерінің де жолаушыларына уағыз тыңдататын фактілері жиілепті.

Осылай деп дабыл қаққан Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осы тақырыпта арнайы баспасөз мәлихатын өткізді деп хабарлайды 31 арна.

Осыдан 5-6 жыл бұрын дәстүрлі емес ағым өкілдері басқа емес, мешіт сияқты діни орталықтарда емін-еркін топтасып, өз уағыздарын айта беретін. Лаңкестік әрекеттерден кейін, тиісті заңдар қайта қаралып, бірқатар ұйымдардың жұмысы тоқтатылған болатын. Содан соң пәтер жағалап жиналу басталды.

"Мысалы, араб тілін оқыту курстарын пайдаланып, сол жерде деструктивті діни ағымдарды уағыздап, соларды мысал ретінде келтіру фактілері бар. Ондай сигналдар бізге түсіп жатыр. Оларды тексерулер жүреді", - дейді Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын.

Тіпті медициналық және қайырымдылықпен айналысатын бірқатар ұйымдардың үстінен де осындай шағымдар түскен екен. Алайда, министрлік өкілдері ешқайсысының түсін түстеп, жіліктеп айтпады. Тек, жалпылама мысалдармен шектелді.

"Кейбір таксистер өздері отырып, уақытты пайдаланып, діни уағыз, дінді насихаттау, әңгімелерін айтатыны туралы естідік. Ол - заңға қайшы әрекет. Сондықтан мұндай фактілер болған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе біздің мемлекеттік органдарды хабардар еткеніңіз жөн болады", - дейді ДІжАҚМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Күлекеев.

Мамандар рұқсат етілмеген жерде уағыз айтушылармен дауласпауға кеңес береді. Өйткені олар, өздерінен басқа ешкімнің пікірімен санаспайды дейді.

Бұл - көптен шешілмей келе жатқан проблеманың бірі. Имамдармен дауласып, тіпті кейде қоқан-лоққы жасау фактілері әлі бар екен. Шенеуніктер мұндай жайттар негізінен елдің батыс аймағында тіркеледі дейді. Министрлік мамандары имамдар сияқты діни қызметкерлердің бәрі мемлекеттің қорғауында екенін ескерте кетті.

Тағы оқыңыздар:

"Қайрат" клубы Ресей чемпионатында бар-жоғы 32 минут ойнаған футболшыға 1 млн еуро төледі

Ақмола облысында аң аулап, көңіл көтергісі келген прокурорлар ұсталды

Бердібек Сапарбаев ауылда отырып сүт пен нанды сатып алатын келіндерге ренжіді

Ер адам өзімен билеуден бас тартқан жүкті келіншекті атып тастады (видео)

Теміртау тұрғындарын аяғынан тік тұрғызған педофил кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1339066-teris-dini-aghymdar-oz-uaghyzdaryn-endi/

pixel