Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасиетті Қағбаның іші қандай? (фото)

Опубликовано:

Қағба – ислам әлемінің қастерлі орны. Мұнда күн сайын миллиондаған мұсылман құлшылық жасауға келеді. Бұл – әлем бойынша халық ең көп және жиі келетін қасиетті мекен деп хабарлайды ummet.kz.

Қағбаның ішкі көлемі 180 шаршы метрді қамтиды және электр жарығы жоқ. Кірген адам ең алдымен – пайғамбар сахабасы Абдалла ибн аз-Зубейр тұрғызған үш ағаш бағананы көреді. Бағаналар ғимараттың төбесін ұстап тұрады. Бағананың жоғарғы тұсында көлденең керме ағаштары бар. Онда көптеген ескі шамдар ілінген.

Қабырғалар мен еден тұтастай мәрмәр тақтай төселген. Бір тақтай мен михраб басқаларынан өзгешеленген. Ол қызғылт түсті және дөңгелек бұрышты. Кіре беріс есіктің қарсы бетінде орналастырылған тақтайшаның беті әбден сүрілгені көзге бірден байқалады.

Қабырғаның жоғарғы тұсы жібек материалмен жабылып, онда алтын жіптермен Құран аяттары мен кәлима шахадаты жазылған. Жазбалар ою-өрнек түрінде бірнеше қайтара көшірілген. Сыртқы жабынды секілді ішкі материалдар да жылына бір рет жаңартылады.

Оң жақ қапталда алтын жалтылған кіші есік бар. Ол тәубеге келу есігі деп аталады (баб-ат-тауба). Оның артында шатырға шығатын баспалдақ орналасқан.

Тағы оқыңыздар:

"Қайрат" клубы Ресей чемпионатында бар-жоғы 32 минут ойнаған футболшыға 1 млн еуро төледі

Ақмола облысында аң аулап, көңіл көтергісі келген прокурорлар ұсталды

Бердібек Сапарбаев ауылда отырып сүт пен нанды сатып алатын келіндерге ренжіді

Ер адам өзімен билеуден бас тартқан жүкті келіншекті атып тастады (видео)

Теміртау тұрғындарын аяғынан тік тұрғызған педофил кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1339110-qaghbanynh-ishi-qanday-foto/

pixel