RU

Астаналық әйел Бас прокуратураның жанында өзін өртеп жіберді

Астанада Бас прокуратураның жанында әйел адам өзін өртеп жіберді деп хабарлайды "NewTimes.kz-ке" сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға бүгін 13.00 шамасында №2 бақылау-өткізу пунктінің жанында болған.

Куәгерлердің агенттікке хабарлауынша, әйел адамның киімі жана бастаған. Оны біршама уақыттан кейін сөндіріп үлгерген.

Қазір оқиға орнында шұғыл әрекет ету қызметінің қызметкерлері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ал жедел жәрдем зардап шеккен әйелді №1 қалалық ауруханасына жеткізді.

Куәгерлердің айтуынша, әйел өзін өзі өртеу арқылы биліктің назарын "әділетсіз сот шешіміне" (әйелдің ойынша) аударғысы келген. Себебі оның ұлын есірткі үшін соттап жіберген. Ал анасының айтуынша, ұлы кінәсіз.

Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген Бас прокуратураның баспасөз қызметі болған жайтты растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

"Бүгін 12:16-да Бас прокуратураның бақылау-өткізу пунктіне үш әйелді ерткен әйел адам кіріп, сырт киімін шешті де, үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберді", — деп хабарлады баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Оның бұл іс-әрекеті ойда-жоқта, күтпеген жерден болды. Бұл қадамға бармас бұрын сырт көзге ештеңе білдірмеген еді", — дейді баспасөз қызметі.

Бастапқы мәліметтер бойынша, әйел адам 1968 жылы туылған Рысманова есімді азаматша. Ол 1988 жылы туылған ұлы Ахметовтің үкіміне келіспегендіктен, өз-өзін өртеп жіберген.

Прокуратура берген анықтама бойынша, Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда Ахметов Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Толығырақ ақпарат Ахметовке қатысты қылмыстық іс дерегі зерттелгеннен соң белгілі болады.

Тағы оқыңыздар:

"Қайрат" клубы Ресей чемпионатында бар-жоғы 32 минут ойнаған футболшыға 1 млн еуро төледі

Ақмола облысында аң аулап, көңіл көтергісі келген прокурорлар ұсталды

Бердібек Сапарбаев ауылда отырып сүт пен нанды сатып алатын келіндерге ренжіді

Ер адам өзімен билеуден бас тартқан жүкті келіншекті атып тастады (видео)

Теміртау тұрғындарын аяғынан тік тұрғызған педофил кім?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339279-astanada-ayel-adam-bas-prokuraturany.html