RU

Сүйіктісінен арзан неке жүзігін алған бойжеткен желіде жұлдыз болды (фото)

Сүйіктісінен арзан неке жүзігін алған бойжеткенді желі қолданушылары тегістей қолдап, ол бірден жұлдызға айналды деп хабарлайды NUR.KZ.

28 қараша күні Ариэль Дезир Макрей (Ariel Desiree McRae) есімді бойжеткен желідегі парақшасына сүйіктісінің сыйға тартқан неке жүзігін тым арзан деп сөккен сатушы туралы жазба қалдырды.

Оның сөздеріне қатты шамданған Ариэльдің айтуынша, күйеуінің айлық табысы тек осы жүзікті алуға ғана жетеді екен

 

Сүйіктісі неке жүзігін алып беремін деп қоймаған соң, зергерлік дүкенге келген жұп 130 доллар тұратын жүзікті таңдайды. Жүзікті сатып алып жатқан кезде бір сатушы екіншісіне қарап олардың көңілін бірден түсіріп жіберген сөздер айтады.

"Бұл жүзікті біреу неке жүзігі ретінде сатып алып жатқанына сенесің бе? Аяп тұрмын оларды", - деп жазады.

Бұл сөзді естіген Ариэльдің күйеуі қатты уайымдайды. Ол тіптен маған тұрмысқа шығатыныңа сенімдісің бе деп сұрады.

Мен сатушыға: "Жүзік емес, оны сатып алып тұрған адамның махаббаты маңызды", - деп жауап бердім", - деп баяндап берді Ариэль.

Facebook қолданушылары жұпты қолдап, өздері де бастан кешкен махаббат хикаяларымен бөліседі. Олар туралы түрлі беделді басылымдар жарыса жазып жатыр.

Басылған лүпілдер мен пікірлер әлі де толастамауда.

"Менің әжем мен атам неке жүзігінің орнына сағызды жабыстырып қойып, үйленген. Олар бақытты! Бүкіл өмірлері бақыт пен адалдыққа толы болды", - деп жазды Карри Лав есімді желі қолданушысы.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын енді таксиде отырып насихаттайтын болған

Гитлердің осыған дейін ешкім көрмеген суреттері жарияланды (фото)

Шешенстанда лезгинка билеп жүрген бишінің жүрегі сахнада тоқтап қалды

Қасиетті Қағбаның іші қандай? (фото)

Астаналық әйел Бас прокуратураның жанында өзін өртеп жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339413-suyiktisinen-arzan-neke-zhuzigin-algha.html