RU

Назарбаев отандық аяқ киімімен мақтанды

Елордада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр. Телекөпір аясында елбасы Индустрияландыру картасы жобаларының тұсауын кесті, деп хабарлайды Baq.kz.

Елбасы «Казлегпром Алматы» фабрикасын іске қосу барысында өзі де отандық киім-кешекті киетінін айтты.

«Өзіміздің жеңіл өнеркәсіпті қолдау керек екенін мен ылғи айтып жүрмін. Жаңадан өндіріс ашылады дегеннен кейін бүгінгі басқосуға отандық костюм киіп келдім. Аяқ киім де сатып алдым. Қазір аяғымды көтеріп көрсете алмаймын, бірақ сендер өндірген аяқ киімді киіп отырмын», - деп әзілдеді елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл жұртшылықты, қазақстандықтарды жеңіл өнеркәсіпті қолдау үшін өз тауарларымызды сатып алуға шақырды.

«Әрі қарай осыны дамыта беріңдер, бәсекеге сай болып, италиялықтардан да, француздардан да кем шығармайтын болыңдар», - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Фабрика директоры А.Бектұрғановтың айтуынша, кәсіпорын аяқ киімді италиялық технология бойынша шығаратын болады.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын енді таксиде отырып насихаттайтын болған

Гитлердің осыған дейін ешкім көрмеген суреттері жарияланды (фото)

Шешенстанда лезгинка билеп жүрген бишінің жүрегі сахнада тоқтап қалды

Қасиетті Қағбаның іші қандай? (фото)

Астаналық әйел Бас прокуратураның жанында өзін өртеп жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339420-nazarbaev-qay-eldinh-ayaq-kiim-kietinin.html