RU

Қазақстанда тағы бір жаңа министрлік құрылуы мүмкін

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер және сауда министрлігін құруды ұсынды. Мемлекет басшысы мұндай ұсынысын Индустрияландыру күні аясында өткен телекөпір барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Сыртқы сауда мен инвестиция бірге болуы керек. Бізде сауда бір министрлікте, инвестициялар – басқа министрлікте. Біреу әр компанияның соңынан жүріп, бәрін тартуы керек. Жақсы жұмыс істейтін елдер осылай жасайды. Ал бізде мұндай жоқ. Біз осымен нақты кім айналысатынын анықтауымыз керек. Бізде сөйлейтін және шақыратын сондай адамдар бар ма? Егер болмаса, олардың орнына шетелдіктерді қойып, ақша төлеу керек. Біреу міндетті түрде экспортпен айналысуы қажет. Сондықтан, үкімет сауданың және инвестицияның қайда болатынын анықтауы керек. Мүмкін, Сыртқы істер министрлігі көптеген елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болуы керек шығар? Ал Индустрия министрлігі тек индустриямен ғана айналысуы тиіс. Онда инновациялар ғана болсын. Әрқайсысы өз ісімен айналысқаны жөн. Бұлай жұмыс жүрмейді. Біз маңызды жұмысқа кедергі келтірмеуіміз қажет», - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын енді таксиде отырып насихаттайтын болған

Гитлердің осыған дейін ешкім көрмеген суреттері жарияланды (фото)

Шешенстанда лезгинка билеп жүрген бишінің жүрегі сахнада тоқтап қалды

Қасиетті Қағбаның іші қандай? (фото)

Астаналық әйел Бас прокуратураның жанында өзін өртеп жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339475-nazarbaev-zhanha-ministrlik-qurudy-usy.html