RU

ОҚО-да жас жұбайлар қымбат кортежден бас тартып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуантты (фото)

Той күнінде өзгелер секілді қымбат көлікпен серуенге шықпастан, мүмкіндігі шектеулі жандарға дастархан жайып, сыйлық сыйлаған оңтүстікқазақстандық жас жұбайлар көпшілікті елжіретті, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының 27 жастағы тұрғыны Азамат Сәрсенбаев қымбат кортеж жалдап, ақшаны желге шашқанша жарымжан жандармен қуаныштарын бөлісу туралы ұсынысты қалыңдығы Салтанатқа айтқан.

Мұны естіген қалыңдығы бірден келісіп, жас жұбайлар ойларын ата-аналарына жеткізіпті. Құдалар жастардың бұл әрекетіне тәнті болып, баталарын берген.

«Оның бұл ұсыныс мен үшін ешқандай да таңсық болмады. Себебі Азамат алдына көмек сұрап келген адамға ешқашан «жоқ» деп айтпайтын сондай мейірімді жан. Айналасындағыларға қамқор болып, қолынан келген көмегін еш аямайды», - деді 22 жастағы қалыңдық.

Қуанышты датаға бірнеше күн қалғанда жас жұбайлар мүмкіндігі шектеулі жандарға шақырту жіберіпті. Той күні достарымен бірге мейрамханада дастархан жайған олардың бұл құрметіне 25 шақты қонақ арнайы келіп, той иелерінің қуанышын бөліскен.

Мейрамханадан шыққан күйеу жігіт пен қалыңдық бірден тойханаға барды. Айта кетерлігі, жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге  600 қонақ келді. 

Тағы оқыңыздар:

Шөкеев қандай ұлттық компаниялардың сатылатынын ашып айтты

Қазақстанда тағы бір жаңа министрлік құрылуы мүмкін

Желі қолданушысы орысша сөйлейтін қазақтарды "шалаорыс" деп атауды ұсынды

Назарбаев отандық аяқ киімімен мақтанды

Үйіне жаңа түскен келініне өзі сәлем салған ене көпшілікті елжіретті (фото)

Қарағандының намысын қорғайтын бойжеткен ауруханадан бір-ақ шықты

Сүйіктісінен арзан неке жүзігін алған бойжеткен желіде жұлдыз болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1339489-oqo-da-zhas-zhubaylar-qymbat-kortezhden-b.html